Меню Закрыть

Қуаныш тобы

Қуаныш тобы Монтессори жүйесі бойынша жабдықталған. Білім беру – Монтессори технологиясына негізделген. Балалар үшін ыңғайлы жиһазбен қамтылып, Монтессори дидактикалық материалдарымен арнайы дайындалған орта. бұл топта Монтессори әдістемесіне сай 1,53,5 жас аралығындағы балалар біріктірілген. Түрлі жас ерекшеліктерін бір топқа жинаудың мақсаты жасы үлкен балалар білімдерін нығайтуға, бекітуге, кеңейтуге және басқа адамдар үшін жауапкершілік атқаруға мүмкіншілік алады. ал кіші жастағы балалар үлкендерден үлгі ала отырып өздерін дамытуға ынталана түседі. Іс-әрекет ойын ретінде жүргізіледі. Бала еркін өзі қалаған материалмен жұмыс істейді.
Түстен кейін балалардың жан-жақты дамуы үшін қосымша музыка, би, дене шынықтыру, каратэ оқу қызметтері мен үйірмелері болады.

 
Галерея