Меню Закрыть

Даярлық тобы

Бүгін сіздерді мекемеміздің қарлығаштары, осы оқу жылының аяғында балабақшамызды тамадағалы отырған мектепке даярлық тобының жұмысымен таныстырамыз.  5-6 жастағы балалардан құрылған топ алды төрт, арты екі жылдан бері балабақшамызға келіп жүрген балалардан тұрады. Тәй-тәй басқан шағына, тілі де балабақшада шыққан балалардың ең алғаш қалам ұстап, сауат ашуының да куәсі болғанымызға бақыттымыз. Балалар мектепке даярлық тобында сауат ашу, көркем жазу, қарапайым математика, жаратылыстану, көркем әдебиет, сурет салу, экология негіздері, дене шынықтыру сынды стандартқа сай оқу қызметтерімен қатар, ағылшын тілі, интеллектум, логика секілді вариативті оқу қызметтерін де оқып, ақыл-ой, зейіндерін дұрыс бағытта дамытты. Сондай-ақ би, каратэ үйірмелері балалардың спорттық қабілеттерін шыңдап, дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуына әсер етті. Ойын  уақыттарында балалар сюжеттік-рольдік ойындармен қоғамға етене араласуға бейімделсе, әртүрлі дамытуға арналған ойыншықтар бабабалдың ұсақ моторикасының толыққанды жұмыс істеп, ми-жүйке жүйесінің толыққанды қалыптасып өсуін қамтамасыз етті. Бұл тұрғыда балабақшаның  білікті мамандары, әсіресе топтың тәрбиешісі Сүлейменова Ақнұр мен оның көмекшісі Шакирова Гүлнұрдың еңбегі зор.

 
Галерея