Меню Закрыть

Ұлыстың Ұлы күні

Балабақшамыз жыл сайынғы дәстүрмен Наурыз мерекесін, жер қарайып, күн жылынғанда аулаға киіз үй тігіп, ата-аналармен бірге ұлан-асыр той қылып өткізді. Балабақша қызметкерлері «Бесікке салу» дәстүрін сахналандырылған көрініспен көрсетіп, балалар ән-би-күйімен керемет концерт дайындады. Балалар киіз үйде наурыз көже мен бауырсақ жеп тамақтанса, ата-аналардың қолдауымен жасалға көл-көсір дастархан, ошақ құрылып, отта пісірілген ыстық палау, буы бұрқыраған самаурын, ұлттық киімдермен сәндене келген қонақтар, барлығы шаттыққа толы тойдың көркіндей болып, жауынмен басталып бір қорқытқан күн райын да өзгертіп жібергендей болды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *