Меню Закрыть

Түркі халықтарының сайысы

Осы жылғы мерекелік бағдарламаның ерекшелігі  сол —  топтардың ата-аналары өзара түркі халықтарының көрмесі, өнері және тағам түрін дайындаудан сайысқа түсті. Аулаға кірген қонақтар келе жатқаннан көрмелерді тамашалап өтуі үшін ертемен көрмелер жайылып, түркі халықтарының ұлттық киімдерін киіп, сол тілде сәлем беріп, сол ұлттардың тағамдарынан дәм татқызып, ұлттық дәстүрі мен өнерін көрсетіп жатқанда балабақшамыздың ауласы бәр сәтке түрлі ұлттар тату-тәтті өмір сүріп жатқан халықтар достығының үлгісі болған Қазақстанымыздың кішірейтілген нұсқасындай болып кетті. Балабақшамыздың серіктестері, Астана, Алматы, Ақтау қалаларының белді балабақшаларының директорларыныңғ қазылық етуімен шығарылған шешім бойынша мерекелік сайыстың соңында «Ертөстік» тобының ата-аналары өзбек халқын жан-жақты танытып «Бас жүлдені» жеңіп алды. Ал әзербайжандарды әр қырынан  танытқан «Болашақ» тобы «Бармағынан бал тамған» атағына ие болды. Түрік халқының қына түнін көрсеткен «Айгөлек» тобы «Бес аспап» атына лайық деп танылса, «Даярлық» тобы татар ұлтын жан-жақты көрсетіп «Жасампаздар» атағын иеленді. Ұйғырдың нәзік биін керемет орындаған «Ботақан» тобы «Өнерпаздар» номинациясына қол жеткізді. Ата-аналарға арнайы дипломдармен қатар 20-10мың теңге көлемінде сертификат-сыйлықтар табысталды.