Меню Закрыть

Сәуір болмай, тәуір болмайсың

Сәуір айы келіп, Астанаға әрең жеткен көктемнің күндерін бос өткізбей, балабақша ұжымы ауланы реттеп, сенбілік өткізді. Гүл отырғызып, көгалдандыруға әлі ерте болғандықтан, тазалық жұмыстарын жүргізіп, балабақша айналасын көлеңкеде ерімей жатқан мұздар мен қар астында қалған қоқыстардан тазартты. Ал балалалр өз кезегінде жаратылыстану пәнін пайдалы мақсатта өткізіп, күн жылынғанда аулаға отырғызу үшін көшет шығару тәжірибесін жасады. Ұрықтарды кішкене ыдыстарға топырақ салып еккен балалар алдағы екі айда сол ұрықтың көгеріп өскенін бақылайтын болады. Ал дайын болғанда сол көшеттер бақшадан өз орындарын алып, әдемі гүлдерімен қара күзге дейін балабақшаның балалары мен қонақтарының көңілін көтеретін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *