Меню Закрыть

Интеллектум ойынының баланың дамуына әсері

Интеллектум  — мектепке дейінгі логика ойындары (МДЛО). Ең алғаш Түркияда бастауыш мектептер үшін дайындалған бұл жүйе баланы арнайы дайындалған көпмақсатты ойыншықтарды сан түрлі жолдармен ойната отырып дамытуды көздейді.  Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-әрекетін, ойлау қабілетін, ой белсенділігін, көру-есту арқылы қабылдау қабілетін дамытатын оқу жүйесі. МДЛО арқылы балалар математика, геометрия түсініктерін үйрене отырып, топпен жұмыс барысында қоғаммен байланыс қабілеттері де жетіледі. Интеллектум ойындарының авторы, өзі де тәжірибелі педагог Осман Метиннің айтуы бойынша, интеллектум ойыншықтарын қолдану арқылы балалардың бірінде көру арқылы қабылдау жетілсе, екіншісінде ойлау қабілеті немесе ой белсенділігі артқанын көресіз. Балаға өмірінің басынан дұрыс жөн беру ең маңызды іргетас. Сол үшін қабілеттері ашылып сол бағытта білім алуы үлкен жетістік.

Әсіресе балалық шақтың баспалдағы болып саналатын балабақшада тәрбие беру өте маңызды. Интеллектум ойындары арқылы баланың бірте-бірте жеке тұлғаға сай  қабілеттері қалыптасады. Балалардың алдымен ұғу қабілеті, ары қарай заттарды топтастыру, бөлу,  көру арқылы түйсіну сана-сезімдері жетіледі. Интеллектум ойыншықтарының тағы бір ерекшелігі онымен балалар арнайы мекемеде маманның бақылауында ғана ойнап қоймай, үй жағдайында да қызыға ойнауына болады.

Интеллектум  ойындарының пайдалары:

  • Жеке және бүтін зат мағынасын үйренеді
  • Өзінің қабілеттерін және кемшіліктерін таниды
  • Түс және пішінін танып, ол туралы белгілі бір қорытынды шығара алады
  • Санау жүйесі және математикалық жолмен ойлауды үйренеді
  • Геометриялық пішіндерді жақсы біліп, аттандарын да жетік таниды
  • Мәселеге байланысты шешімге апаратын жолдарды ойлап, оған керекті жоспар құруды үйренеді
  • Алдындағы заттарға сәйкес не керек екенін, керекті құралдарды алып басқаларын бөлек қою сияқты жеңіл жоспар құра біледі.
  • Логикамен жеке заттан бүтінге, бүтіннен жекеге қарай ұғымдарды үйренеді.
  • Топ ішінде белсенді болып, керек жағдайда лидерлік қабілеті ашылады.

 

Интеллектум ойындарының мақсаты:

  • Ажырата білу
  • Ойлану
  • Белсенділік
  • Көру қабілеті
  • Ақыл- ой дамуы
  • Ұғу
  • Өнімділік
  • Топпен жұмыс

Балабақшадағы әр жұмыс баланың жеке тұлға болып қалыптасуын бекітетін шара. Осы орайда біздің балабақшамыздағы интеллектум үйірмесінің балаларды дамытуға арналған бағдарламада алатын орны үлкен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *