Меню Закрыть

«Болашағым – Қазақстан» ертеңгіліктері

Тәуелсіздік күні қарсаңында балабақшамызда «Болашағым – Қазақстан» атты ертеңгіліктер өтті. «Айгөлек», «Ертөстік», «Болашақ», және мектепалды даярлық топтары ата-аналарына ертеңгілік дайындап көрсетті. Ертеңгілік барысында балалар ән салып, би билеумен қатар отансүйгіштік, ұлтжандылық сарындағы өлең шумақтарын айтты.  Тарихтан сыр шертетін көріністер де бағдарламада орын алды. Балаларының өнерлеріне тәнті болған ата-аналары балаларымен қатар балабақша ұжымына ризашылықтарын білдірді.

1 Comment

  1. Асемгуль

    Балалардың ұзақ болсын өмір жасы, Бірге өссін біте қайнап мал мен басы. Қашанда тіл мен көзден аман сақтап, Қасында жүрсін оның пір панасы. Үйреніп өнер-білім өрге жүзсін, Үлгі алсын қатар-құрбы замандасы. Қондырып оң жағына отауларын, Қызығын көрсін оның ата-анасы. Алдынан шамшырағы қарсы жанып, Гүлденсін жер мен көктің екі арасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *