Меню Закрыть

Бала тәрбиесіне байланысты қысқа кеңестер

Балаларымыз барлық талаптарымызға қарсы шығатын болса не істеу керек?

1- Ас ішу уақытында «Тамақ жейсің бе?» дегеннің орнына «Сорпа ішесің бе, әлде котлет жейсің бе?» деп, таңдау жасату.

2- Саябақта «10 минуттан соң үйге қайтамыз» дегеннің орнына « Үйге қайтпай тұрып, тағы да 3 рет сырғанап аласың ба?» деп сыйлық түрінде шектеу қою

3- Үйден тезірек шығу үшін «Не кигің келеді?» деп емес, «қызыл жейдеңді киесің бе, әлде сары жейдеңді киесің бе?» деп, таңдау ұсыну.

4- Жуыну уақытында «Ал, шомылу уақыты» дегеннің орнына «Бүгін моншада қуыршағыңды шомылдырайық, кір болып кетіпті» деп өзінің қалауын ояту.

5- Жататын уақыт жақындағанда «Ұйқың келді ме?» деп сұрағаннан гөрі «Бүгін кешке ұйықтар алдында оқу үшін саған жаңа кітап алдым» деп қызығушылығын арттыру

Осы секілді қарым-қатынас жасау тәсілдері «қарсылық көрсету» кезеңіндегі баламыздың өмірін жеңілдете түсуге көмектесері сөзсіз.

Және , әрине , біздің де

 

Балалардың бақытты болуы үшін бірнеше кеңес

— Балаңызға сеніңіз және сенім артыңыз
Барлық нәрсенің ең жақсысы болуы керек (перфекционист) деген мінез-құлықтан бас тартыңыз.
Жасампаздыққа жол ашатындай сын айтыңыз.

— Балаңызға көп-көп күлімсіреңіз.
Балаға құрмет көрсету ол баланың дербес бір жан иесі екенін мойындау .

— Балаңыздың эмоционалды тұрғыда сенім артуға деген мұқтаждығына жауап бере алыңыз.
Оған бағытталған теріс не пессимистік пікірлерді қаншалықты көп айтатыныңызға мән беріңіз, оң ойлаңыз.

— Балаңызбен құрған қарым-қатынасыңызға барынша көңіл бөліңіз.
Балаңызға көңіл бөліп, уақыт арнаудың ең үлкен сый екенін ұмытпаңыз.

— Балаларға жас ерекшеліктеріне қарай таңдау жасау мүмкіндігін беру оның өзіне деген сенімділігін бекітеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *