Меню Закрыть

Баланы өзінің қауіпсіздігіне қалай баулу керек?

Өмірге жаңа ғана қадам басып, оң мен солын әлі толық бағамдай алмайтын балаларды сырттан келетін қауіп-қатерге қарсы тұра алуға үйрету қазіргі бала тәрбиесінде басты мәселелердің біріне айналған. Оған себеп, біріншіден, баланың аңғал, сенгіш болып келетін табиғаты болса, екіншіден, күннен күнге үдеп бара жатқан балаларға жасалатын зорлық-зомбылық оқиғалары. Кімнің-кім екенін бала тұрмақ, ересек кісілердің өзі нақты ажырата алмай жатқан заманда адамның айналасын байқап, сақ жүргені дұрыс. Біздер көбіне балаларымызға табиғаттан немесе айтпай келетін әртүрлі апаттың алдын алып, қорғануды насихаттаймыз да, адамнан келуі мүмкін қауіп- қатерді нақты түсіндіруге қиналатынымыз рас. Баланың жанашыр, адамгершілігі мол, мейірімді болып өсуін қалаймыз, бірақ, сонымен қатар, басқа адамдардың зияны тиюі мүмкін деген ұғымды қоса ұғындыру баланың санасында кереғар пікір қалыптастырып, психологиялық күйзеліске дейін алып келуі мүмкін екенін ескеріп өз ісімізде дағдарып қаламыз. Ендеше осы жағдайда ата-аналарға келесі кеңестер баланың өз қауіпсіздігін сақтауға үйретуге көмегі болары сөзсіз.
1-\tБалаға «Ана апай ұрсады, жүргізуші ағай ренжиді, құлағыңды кесіп алады» деген ескертулер баланың санасына кез-келген адамның оған ұрсып, жеки алуы мүмкін деген ой қалыптастырады. Сондықтан бейтаныс кісілердің ашуын желеу етіп баланы тыныштандыруға тырысуға болмайды.
2-\tҚоғамдық көліктерде «ағайдың алдына отыр, немесе апайдың қолынан ұста» деп, бейтаныс кісілермен байланысын күшейтпеңіз.
3-\tБалаларыңыздың ернінен сүймеңіз.
4-\tБаланың киімін қинап шешуге тырыспаңыз, тек өзінің келісімімен түсіндіре отырып шешіндіріңіз.
5-\tТуыстарыңыз болса да, балаңызды дәретханаға басқа кісімен жібермеңіз.
6-\tӨзін сүйгізгісі келмесе, оған ренжімеңіз, ашуланбаңыз.
7-\t«Бұзық болсаң машина басып кетеді, дәрігер ине салады» деге сияқты сөздермен баланы қорқытпаңыз.
8-\tОл қаламаса, оның денесіне ешкім тиісе алмайды, осыны оған үйретіңіз.
9-\tЖол бос екен деп, балаңыз қасыңызда кезде бағдаршамның қызылы жанып тұрған көшеден өтуге тырыспаңыз.
10-\tҚос-қосынан литрлеп кола ішіп жүріп, балаға коланың зияндығы туралы айтпаңыз. Өзіңіздің сенімділігіңізді жоғалтпаңыз.
11-\tКітап, газет, журнал оқымайтын болсаңыз, балаңызды оқымайды деп сөкпеңіз.
12-\tБалаңызға әртүрлі мазақ есімдер таңбаңыз, жақсылы жаманды таңба есімдер баланың еңсесін түсіреді.
13-\tҚорқытып емес, түсіндіріп үйретіңіз.
14-\tТыныш, тәйт, қой деп емес, зияны тиюі мүмкін екенін ол түсінетін тілмен түсіндіріңіз.
15-\tТөменшіктетпеңіз, сөкпеңіз, жазғырмаңыз және салыстырмаңыз. Әр бала ерекше табиғатқа ие.
16-\tКөп-көп құшақтаңыз, ұмытпаңыз, ол қажетсінген сүйіспеншілікті сізден алса, сырттан көп қамқорлық іздемейді.
17-\tАта-ана болыңыз, дос емес.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *